08/05/2026
«Smart Avtobys Aqtobe» компаниясы заманауи Диспетчерлік ақпараттық орталықты ұсынады. Бұл технологиялық кеңістік қабырғалық мониторлармен және қалалық қоғамдық көлікті үздіксіз бақылау мен мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған.
ДАО нақты уақыт режимінде Ақтөбедегі әрбір автобустың қозғалысын бақылап отырады. Ол үшін әр автобус арнайы жүргізуші планшетімен жабдықталған.
Жүргізуші экраннан қозғалыс сызбасын, маршруттан ауытқуды, желідегі көршілес автобустар туралы мәліметтерді және жолақысын төлеген жолаушылар санын көре алады.
Ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда ақпарат дереу тасымалдаушыға және шара қолдану үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі. «Smart Avtobys Aqtobe» — бұл қаламыздағы қоғамдық көлік жұмысының дұрыс, ашық әрі бақылауда болуына кепіл. #продолжение⤵️