KTZ Express

KTZ Express Национальный мультимодальный оператор АО «KTZ Express» - является 100 % дочерней организацией АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы».

📅 2026 жылғы 20 тамыз📍 Астана қ.💻 KTZ Express компаниясында қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін және корпоративтік орта...
20/08/2026

📅 2026 жылғы 20 тамыз
📍 Астана қ.

💻 KTZ Express компаниясында қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін және корпоративтік ортада жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша практикалық дағдыларын дамыту жұмыстары жалғасуда.

🤖 2026 жылғы 20 тамызда компания қызметкерлері үшін «VIBE 42: Вайбкодинг және корпоративтік ортада AI құралдарын қолдану» тақырыбында оқыту өтті.

🧩 Қатысушылар жасанды интеллект технологияларының көмегімен жұмыс міндеттерін орындауды оңтайландыруға және нақты міндеттердің қажеттіліктерін ескере отырып, қолданбалы цифрлық құралдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін тәсілдермен танысты.

Осындай дағдыларды дамыту ішкі үдерістердің тиімділігін арттыруға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және компаниядағы цифрлық мәдениетті одан әрі дамытуға ықпал етеді.

#Вайбкодинг #Цифровизация

🏆 KTZ Express спортшылары XI Спартакиадада сәтті өнер көрсетті📅 2026 жылғы 8–10 тамыз📍 Астана қаласы2026 жылғы 8–10 тамы...
11/08/2026

🏆 KTZ Express спортшылары XI Спартакиадада сәтті өнер көрсетті

📅 2026 жылғы 8–10 тамыз
📍 Астана қаласы

2026 жылғы 8–10 тамыз аралығында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның XI Спартакиадасы өтті.

🥇«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамасы үшінші жыл қатарынан Спартакиаданың бас Кубогын жеңіп алды. Теміржол саласының намысын 88 спортшы қорғап, спорттың әр түрінен барлығы 27 медаль иеленді.

💪 Құраманың жалпы жеңісіне «KTZ Express» АҚ өкілдері де елеулі үлес қосты. Жарыс қорытындысы бойынша Спартакиада жүлдегерлері атанғандар:

🥇 Шахметов Алтынбек — жеңіл атлетикадан алтын медаль;
🥇 Лимаренко Константин — жүзуден алтын медаль;
🥈 Жеңісқызы Әнел — жүзуден күміс медаль;
🥈 Айдарбекова Дильназ — әйелдер волейболынан құрама команда сапында күміс медаль.

👏 KTZ Express компания намысын абыроймен қорғап, ҚТЖ құрамасының жалпы жеңісіне үлес қосқан қызметкерлерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Жеңісті күндерде жүздескенше!

——————————————————

🏆 Спортсмены KTZ Express успешно выступили на XI Спартакиаде

📅 8–10 августа 2026 года
📍 г. Астана

С 8 по 10 августа 2026 года в Астане состоялась XI Спартакиада АО «Самұрық-Қазына».

🥇 По итогам соревнований сборная АО «НК «Қазақстан темір жолы» в третий раз подряд завоевала главный Кубок Спартакиады. Честь железнодорожной отрасли на соревнованиях защищали 88 спортсменов, которые в общей сложности завоевали 27 медалей в различных спортивных дисциплинах.

💪 Весомый вклад в общий успех сборной внесли представители АО «KTZ Express». По итогам соревнований призерами Спартакиады стали:

🥇 Шахметов Алтынбек — золотая медаль по легкой атлетике;
🥇 Лимаренко Константин — золотая медаль по плаванию;
🥈 Жеңісқызы Әнел — серебряная медаль по плаванию;
🥈 Айдарбекова Дильназ — серебряная медаль в составе сборной команды по женскому волейболу.

👏 KTZ Express гордится достижениями своих сотрудников, которые достойно представили компанию и внесли свой вклад в общую победу сборной ҚТЖ. Пусть впереди вас ждут новые победы!

🚆 Теміржол көлігі қызметкерлері күні құтты болсын!Құрметті теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері!KTZ Express ...
02/08/2026

🚆 Теміржол көлігі қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

KTZ Express сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!

💙 Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында мыңдаған шақырымға созылған халықаралық көлік бағыттары табысты дамып, елдер мен құрлықтар арасындағы экономикалық байланыстар нығайып, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері қалыптасуда. Осындай әрбір жетістіктің тамырында сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, табандылықтарыңыз және адал еңбектеріңіз жатыр.

🌍 Сіздердің теміржол саласын дамытуға қосып жүрген үлестеріңіз Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға, халықаралық логистиканың тиімділігін арттыруға және заманауи көлік инфрақұрылымын дамытуға зор ықпал етеді.

🎉 Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Әрбір бағыт сәтті, әрбір жоба нәтижелі болып, алға қойған барлық игі мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

🤝 ҚТЖ мен China Logistics Group халықаралық контейнерлік тасымалдарды дамыту мәселелерін талқылады📅 2026 жылғы 28 шілде📍...
30/07/2026

🤝 ҚТЖ мен China Logistics Group халықаралық контейнерлік тасымалдарды дамыту мәселелерін талқылады

📅 2026 жылғы 28 шілде
📍 Астана қаласы

2026 жылғы 28 шілдеде 🛤️ «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ , KTZ EXPRESS және АО "Кедентранссервис" өкілдері China Logistics Group Co., Ltd. және China Railway Materials Supply Chain Group Co., Ltd. делегациясымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

🇰🇿🇨🇳 Қытайлық серіктестер ҚХР-дың көлік-логистика саласындағы ірі мемлекеттік компаниялардың қатарына кіреді және халықаралық контейнерлік тасымалдарға, кешенді логистикаға, сондай-ақ теміржол саласындағы жеткізу тізбегін басқаруға маманданған.

🚆 Келіссөздер барысында тараптар халықаралық маршруттарды дамытуға, контейнерлік сервистерді кеңейтуге және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ терминалдық инфрақұрылымын жаңа логистикалық шешімдерде пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық логистика және контейнерлік транзиттік тасымалдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше мән бере отырып, серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.

🤝 KTZ Express пен Чэнду порты халықаралық тасымалдарды дамыту мүмкіндіктерін талқыладыKTZ Express Қытай, Қазақстан және ...
30/07/2026

🤝 KTZ Express пен Чэнду порты халықаралық тасымалдарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады

KTZ Express Қытай, Қазақстан және Еуропа нарықтары арасындағы жаңа логистикалық бағыттарды дамытып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда.

Осы жұмыс аясында KTZ Express Бас директоры (Басқарма төрағасы) міндетін атқарушы А.И. Қапар Chengdu International Railway Port Investment and Development Co., Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Пан Цзяньхуамен кездесу өткізді.

🚆 Chengdu International Railway Port Investment & Development (Group) Co., Ltd. (CIPI) – Сычуань провинциясындағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірі саналатын Чэнду халықаралық теміржол портының мемлекеттік операторы, әрі China Railway Express бағыттарының бастау нүктесі. Порт Еуропа, Орталық Азия, Ресей және Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарында теміржол қатынасын қамтамасыз етіп, сондай-ақ Жаңа батыс құрлықтық-теңіз дәлізі бойынша тасымалдарға қызмет көрсетеді.

Келіссөздер барысында тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы қолданыстағы қызметтер бойынша тасымалдардың динамикасын, сондай-ақ жүк ағындарын одан әрі ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады. Еуропа бағытына тасымал географиясын кеңейту және жаңа контейнерлік сервистерді іске қосу үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

🌍 Чэнду халықаралық теміржол портымен ынтымақтастықты дамыту маршруттық желіні кеңейтуге, халықаралық логистикалық тізбектердің тұрақтылығын арттыруға және Қытай, Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалы үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу қорытындысы ретінде тараптар тасымал көлемін ұлғайтуға және тұрақты халықаралық маршруттарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі дамыту туралы уағдаласты.

#ТМТМ

Қазақстан темір жолының маңызды жаңалықтарынан хабардар болыңыз! 🚂✨Ресми әлеуметтік желілеріне қосылыңыздар! Тасымалдау,...
29/07/2026

Қазақстан темір жолының маңызды жаңалықтарынан хабардар болыңыз! 🚂✨

Ресми әлеуметтік желілеріне қосылыңыздар! Тасымалдау, жаңа бағдарлар, кестедегі өзгерістер мен компанияның маңызды оқиғалары туралы ең өзекті ақпаратты бірінші болып біліңіздер.

📲 Өзіңізге ыңғайлы желіні таңдап, тіркеліңіз:

Telegram-канал: t.me/railways_kz
Instagram: 🛤️ «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ
YouTube:
TikTok: railwayskz

Суреттегі QR-кодты сканерлеу арқылы немесе профильдегі сілтеме бойынша өтіңіз! 🙌

Будьте в курсе важных новостей «Қазақстан темір жолы»! 🚂✨

Присоединяйтесь к официальным социальным сетям! Узнавайте первыми самую актуальную информацию о перевозках, новых маршрутах, изменениях в расписании и важных событиях компании.

📲 Выбирайте удобную для вас соцсеть и подписывайтесь:

Telegram-канал: t.me/railways_kz
Instagram: 🛤️ «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ
YouTube:
TikTok: railwayskz

Переходите по QR-коду на картинке или по ссылке в шапке профиля! 🙌

🌍 KTZ Express отандық өнімді Ұлыбританияға жеткізетін жаңа экспорттық бағытты іске қосты📅 2026 жылғы шілде📍 Екібастұз (Қ...
28/07/2026

🌍 KTZ Express отандық өнімді Ұлыбританияға жеткізетін жаңа экспорттық бағытты іске қосты
📅 2026 жылғы шілде
📍 Екібастұз (Қазақстан) — Феликстоу (Ұлыбритания)
KTZ Express отандық өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарықтарға шығаруға жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, экспорттық тасымалдар географиясын кеңейтуді жалғастыруда.
🚆 2026 жылғы шілдеде компания алғаш рет Екібастұздан Ұлыбританияға минералды тыңайтқыштар тасымалын ұйымдастырды. Контейнерлер теміржол және теңіз көлігін біріктіретін мультимодальды схема арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша Феликстоу портына жөнелтілді.
📦 Жаңа бағыттың іске қосылуы KTZ Express компаниясының экспорттық логистиканы дамыту және қазақстандық өндірушілерді қолдау жөніндегі жүйелі жұмысының кезекті баспалдағы болды. Бұл маршрут отандық кәсіпорындардың Ұлыбритания нарығына өнім жеткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану жеткізудің бәсекеге қабілетті мерзімдерін қамтамасыз етуге, көлік бағыттарын әртараптандыруға және халықаралық жеткізу тізбектерінің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
🌐 Бұған дейін KTZ Express Екібастұз – Майами бағыты бойынша қазақстандық өнімнің экспорттық тасымалын сәтті ұйымдастырған болатын. Бүгінде компания АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Польша, Чехия және басқа да елдерге жүк жеткізуді қамтамасыз етіп, халықаралық маршруттар желісін кеңейтіп, еліміздегі кәсіп иелеріне жаңа логистикалық шешімдер ұсынып келеді.
📈 KTZ Express компаниясының экспорттық қызметтерді дамытуы Қазақстанның сыртқы сауда әлеуетін нығайтуға, отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға ықпал етіп, еліміздің Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хабтардың бірі ретіндегі ұстанымын күшейтуде.

23/07/2026
🤝 KTZ Express Шанхайдағы бизнес-форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді📅 2026 жылғы 15 шілде📍 Шанхай қ. (ҚХР)Шан...
17/07/2026

🤝 KTZ Express Шанхайдағы бизнес-форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді

📅 2026 жылғы 15 шілде
📍 Шанхай қ. (ҚХР)

Шанхай қаласында өткен бизнес-форум аясында KTZ Express қытайлық серіктестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыруға, инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға және цифрлық шешімдерді енгізуге арналды.

Кездесулер барысында тараптар бірлескен жобалардың іске асырылу қорытындыларын шығарып, жүк тасымалы мен порттық логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Қытайдың технологиялық және логистикалық компанияларының өкілдерімен көлік үдерістерін және үздіксіз маршруттарды цифрландыру, байланыс инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйелерді дамыту, сондай-ақ халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастыру, оның ішінде пойыздар қозғалысының кестелерін келісу мәселелері қарастырылды.

Өткізілген кездесулер ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша тараптардың ұстанымдарын үйлестіруге және халықаралық маршруттарды дамыту, тасымалдарды цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.

🤝 KTZ Express халықаралық логистиканы дамыту жөнінде қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды📅 2026 жылғы...
17/07/2026

🤝 KTZ Express халықаралық логистиканы дамыту жөнінде қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды

📅 2026 жылғы 15 шілде
📍 Шанхай қ. (ҚХР)

2026 жылғы 15 шілдеде Шанхай қаласында Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, бизнес және көлік-логистика саласы өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан – Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық бизнес-форум өтті.

🌐 Форум халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, логистика саласын дамыту, көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Қытайдың жетекші серіктестерімен стратегиялық келісімдерге қол қоюға арналған маңызды алаңға айналды.

✍️ Іс-шара аясында халықаралық логистика, көлік үдерістерін цифрландыру және теңіз инфрақұрылымын дамыту бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде стратегиялық серіктестермен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Тиісті құжаттарға Ляньюньган порты компаниялар тобы, China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT) және Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. компанияларымен қол қойып, өзара құжат алмастырылды.

Address

Kunayev Street 10
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77172611558

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when KTZ Express posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to KTZ Express:

Shortcuts

Share