24/08/2026
Локомотив шаруашылығы мамандары жыл сайынғы кездесуде бас қосты
22 тамызда Астанада локомотив шаруашылығы мамандарының жыл сайынғы кездесуі өтті. Былтыр іс-шараны DAR Rail ұйымдастырса, биыл эстафетаны «TTT Сервис» компаниясы қабылдады.
Компаниямыздың атынан операциялық қызмет және пайдалану жөніндегі менеджер Дмитрий Бюрюков сөз сөйледі. Таныстырылым барысында локомотив шаруашылығында қазірдің өзінде қолданып жүрген шешімдерімізбен бөлісіп, салаға қатысты бірқатар мәселені ортаға салдық.
Қатысушылар локомотивтердегі тұрақты бейнебақылау жүйесі мен «Қызметкердің жеке кабинеті» мобильді қосымшасына ерекше қызығушылық танытты. Бейнекамералар 180 градусқа дейінгі аумақты қамтып, әр сапардың цифрлық бейнежазбасын сақтайды. Ал мобильді қосымша жол үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмысқа, кадр мәселелеріне және компанияға қатысты қажетті ақпаратты смартфон арқылы алуға мүмкіндік береді.
Талқылауға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» бас директоры Асан Ізтілеуұлы Үмбетов те қатысып, ұсынылған бастамалар, соның ішінде бейнежазбаларды алдағы уақытта пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігіне цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері жөнінде пікір білдірді.
Сонымен қатар электр энергияс